Қарағанды облысында жоғалып кеткен бала аман-есен табылды

Қарағанда облысында 1 сәуір күні жоғалып кеткен 13 жастағы Бибарыс Рыс табылды.

polisia.kz

Астана, NEGE. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, баланы еріктілер Абай қаласынан 15 шақырым жердегі далалы аймақтан тапқан. Оған медициналық көмек қажет болмаған.

«Қарағанды облысында жоғалған 13 жастағы Рыс Бибарыс Бекнұрұлы аман-есен табылды. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ», – деп хабарлады ІІМ өкілдері де.

Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысында 13 жастағы бала іздестіріліп жатқанын жазған едік. Сәуірдің 1-і күні түстен кейін ол Абай қаласында серуендеуге шыққан. Болжам бойынша, жасөспірім құрдастарымен бірге болған, олардың кейбірі велосипед теуіп жүрген. Балалар Қарабас ауылына қарай бет алған. Алайда Бибарыс Қарабастан кешке қарай жаяу, жалғыз қайтуды ұйғарған. Жолда Бибарыс анасына телефонының өшіп қалуына небәрі 60 секунд қалғанын айтып, дауыстық хабарлама жіберген.

Қазір оқып жатыр

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?

Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты

Тоқаев Нұрбекке жоғары білім сапасын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді

Ұлытау облысында оңалту орталығы аутизмі бар баланы қабылдаудан бас тартқан