Қара жәшік Мәскеуге жіберіледі

Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 ұшағының қара жәшігін оқу үшін Мәскеуге жібереді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев айтты.

Алматы, NEGE. «Кеше вице-премьер Роман Скляр мемлекетаралық авиация комитетінің төрағасымен сөйлесті. Бүгін кешке, 18.40-та Мәскеуден Алматыға сарапшы келеді. Жедел-тергеу тобы жұмыс істейді, борттық өздігінен жазушылар алынды. Ертең біз қара жәшікті оқу үшін мемлекетаралық авиация комитетіне, Мәскеу қаласына жібереміз. Дүйсенбіден бастап жұмыс басталады», – деді Камалиев Нұр-Сұлтан қаласындағы ОКҚ брифингінде.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады