Қар көшкіні жүрді

Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Алтай» тасжолын қар көшкіні басып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

   Алматы, NEGE. «22 қаңтарда «Өскемен-Алтай» тасжолының 64-ші шақырымындағы 350 текше метр жерді қар көшкіні басқан. Осының салдарынан жол жартылай жабылып қалды. Қазіргі уақытта «Казақавтодор» ЖШС қар тазалау жұмыстарын жүргізуде» деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Осыған дейін құтқарушылар 20-26 қаңтар аралығында қар көшкіні қаупі бар екендігін ескерткен. Ведомство мәліметіне сүйенсек, 23 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, көктайғақ болады. Сондай-ақ, екпіні секундына 28 метрге дейінгі жел соғады деп күтілуде.

 

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды