Қанша рейс тоқтатылды?
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты қазіргі уақытта 38 авиарейс кешіктіріліп, 11 рейс тоқтатылды.
Біз Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің өкілі Жеңіс Ахметжановқа хабарласып, мән-жайды білдік.
Нұр-Сұлтан, NEGE. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің өкілі Жеңіс Ахметжановқа хабарласып, мән-жайды білдік. Оның мәліметінше, әуе кемесінің басқа қалалардан кеш келуі және баратын әуежайдағы нашар метеожағдайлар себебінен ұшып келуі тиіс 22 рейс кешігуде.
- «Air Astana» авиакомпаниясының 9 рейсі (оның ішінде Омбы, Тәшкент, Мәскеу және Киев қалаларынан халықаралық рейстері);
- «SCAT» авиакомпаниясының 8 рейсі (Ұлан-Батыр, Мәскеу, Прага);
- «Qazaq Air» авиакомпаниясының Алматы және Қостанай қалаларынан 2 рейсі;
- «Fly Arystan» авиакомпаниясының Павлодар, Алматы және Қостанай қалаларынан 3 рейсі;
Әуе кемесінің басқа қалалардан кеш келуі және ұшып шығатын әуежайдағы ауа райының нашарлауы себебінен ұшып шығуы тиіс 16 рейс кешігуде (желдің екпіні секундына 20 м жетеді):
- «Air Astana» авиакомпаниясының 6 рейсі (оның ішінде Тәшкент және Киев қалаларына халықаралық рейстер);
- «SCAT» с 8 рейсі (оның ішінде Прага және Мәскеу қалаларына халықаралық рейстер);
- «Qazaq Air» және «Fly Arystan» авиакомпанияларының 4 рейсі;
«Lufthansa» а/к Франкфурт қаласына, «LOT Polish» а/к Варшаваға, «Turkish Airlines» а/к Ыстамбұлға ұшатын және «Qazaq Air», «Air Astana», «SCAT» авиакомпанияларының 11 рейсі тоқтатылды.
Желдің қатты екпініне (секундына 15 м және одан жоғары) байланысты, ұшу қауіпсіздігі мақсатында әуе кемелерін мұздануға қарсы сұйықтықпен өңдеуге жол берілмейді.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді.