Қамауға алу мерзімі аяқталды: Мәсімов бостандыққа шыға ма?
Бүгін Кәрім Мәсімовті қамауға алу мерзімі аяқталды. Осыған байланысты ҰҚК департаментінің бұрынғы төрағасының жақтастары егер сот болмаса, Мәсімовті бостандыққа шығару қажет екенін айтады.
Алматы, NEGE. Бұл жөнінде Мәсімовті қолдау үшін құрылған топтың karimmassimov.com сайтында жазылды.
Тақырыпқа орай: Мәсімовтің ісі: Сарай, қымбат көліктер, 17,2 млн доллар... ҰҚК сауалымызға жауап берді
«Қазір Мәсімовтің әлі ҰҚК-нің тергеу изоляторында отырғаны ғана белгілі. Ал оның құқықтық жағдайы туралы ешқандай мәлімет жоқ. Қамау мерзімін ұзарту үшін сот болды ма, әлде сот отырысы өткен жоқ па? Қоғам алдында есеп те берілген жоқ. Барлық ақпарат құпия», – делінген мәлімдемеде.