Қалтасына есірткі салған адам полицияға өзі келген

Ақтөбе тұрғыны полиция ғимаратына есірткімен келген, – деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Алматы, NEGE. Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері жергілікті полиция қызметінің әкімшілік тәжірибе бөлімшесіне Ақтөбе қаласының тұрғыны әкімшілік материал бойынша келгенін айтты. Таяуда полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін оның көлігін айып тұрағына қамаған.  Ер адамның қалтасын қарау кезінде одан газетке оралған зат табылған. Онда есірткіге ұқсас зат болған.

"Жігіттің айтуынша, ол өзі қолдану үшін сақтаған есірткінің қалтасында жүргенін ұмытып кеткен", – дейді полицейлер.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты