Қай өңірде электр энергиясы қымбат?
Елімізде қазан айының қорытындысы бойынша электр энергиясы тарифі ең жоғары қалалардың тізімінде Алматы көш бастап тұр, – деп хабарлайды Finprom.kz сарапшылары.
Алматы, NEGE. Мамандардың айтуынша, Алматыдан басқа, Алматы облысы, Орал, Өскемен және Семейде де жарық қымбаттаған.
Еске салайық, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Елбасының тапсырмасымен жарық тарифтері төмендетілген болатын. "Қазақстанда қазан айында орташа есеппен жарық 1 -1,5 пайызға қымбаттады. Олардың ішінде Орал, Өскемен, Семей бар. 1 қарашада "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС өкілдері Алматы мен Алматы облыстарында тарифті көтерген. Сондай-ақ, Қостанай облысында да жарық тарифтері жоғарылады", - дейді сарапшылар.