Израиль астанасында бірден үш автобус жарылды

Тель-Авивтен 50 км қашықтықта орналасқан Бат-Ям қаласында үш автобус жарылды.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.

Тағы екі автобустан жарылғыш құрылғы табылды.

Израиль БАҚ-тары көлік министрі Мири Регевтің әрбір көлікте жарылғыш зат бар-жоғын тексеру үшін барлық автобустар мен теміржол қозғалысын тоқтатуға бұйрық бергенін хабарлады.

Полиция өкілі Ари Дорон 12-арнаға полицияның аймақты тексеруді жалғастырып жатқанын және жұртшылық кез келген күдікті пакеттер мен заттарға назар аударуға тиіс екенін айтты.