2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Ислам Евлоев грек-рим күресінен әлем біріншілігінің ширек финалына шықты

Грек-рим күресінен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында сынға түскен Ислам Евлоев ширек финалға жолдама алды. 

olympic.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық балуан 87 келіге дейінгі салмақта бозкілемге шығып, армениялық спортшы Виген Назарянмен белдесті. 1/8 финалдық кездесуде отандасымыз қарсыласынан 3-1 есебімен басым түсті.

Еске сала кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль үшін күресетіні белгілі болды.