Иштван Бочкай турнирі: Қазақ боксшылары келесі айналымға өтті

Қазақстандық боксшылар Венгрияның Дебрецен қаласында Иштван Бочкай мемориалында өнер көрсетіп жатыр, деп жазады Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Кезекті жарыс күнінде біздің төрт боксшымыз шаршы алаңға көтерілген болатын. Олардың үшеуі келесі айналымға өтсе, біреуі турнирді аяқтады.

54 келідегі Кенже Мұратұлы қарсыласы жекпе-жектен бас тартуына байланысты келесі кезеңге жолдама алды.

57 келідегі Асылжан Серікбай украиналық Олег Чулячеевтен басым түсті.

63,5 келідегі Ертуған Зейнуллинов те жеңіске жетті. Оның венгриялық қарсыласы екінші раундта жекпе-жекті жалғастырған жоқ.

Өкінішке қарай, 92 келідегі Данияр Рахымбердинов Венгрия боксшысы Левенте Киске есе жіберді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?