Иран елшілігін өртеп жіберді
Ирактың оңтүстігіндегі Эн-Наджаф қаласында орналасқан Иран елінің консульдігі өртке оранды. Ереуілшілердің бұл қадамы елдегі қазіргі үкіметті орнынан тайдыруға жасалған наразылықтың жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді.
Алматы, Nege.kz. Наразы топ Ирак билігін әлі күнге Тегеранның қолдауы мен ықпалынан шыға алмай отыр деп айыптап, елде қақтығыстар ұйымдастырғанына да екі ай уақыт болды. Ереуілшілер келмей тұрып, дипломатиялық миссия қызметкерлері қауіпсіз аймаққа көшірілген. Консулдық ғимаратын өртеп жіберген топ өртсөндіруші көліктерін отқа оранған ғимаратқа жібермей, оның өшірілуіне кедергі жасаған.
Ирак билігі елдің оңтүстігінде қауіпсіздік шараларын күшейткенімен, Кербала мен Басрадағы Иран консулдықтарының амандығына кепілдік жоқ. Соңғы күндерде, полиция жасағымен болған қақтығыстарда 5 адам қаза тауып, 15 мыңдай адам жарақат алған. Соңғы екі айдағы кісі шығыны – 345 адам.