Интернет-алаяқтарға көмектескен қылмыстық топтар ұсталды

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында интернет-алаяқтарға көмектесіп, жәбірленушілердің ақшаларын жымқыратын қылмыстық топтар анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Арнайы операцияны Жетісу облысы ПД Киберпол қызметкерлері қарағандылық және солтүстікқазақстандық әріптестерімен бірлесіп, ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы күрес орталығы, сондай-ақ өңір прокуратурасының үйлестіруімен жүргізді.

– Тінту барысында 35 ұялы телефон, 135 сим-карта, 2 пневматикалық тапанша және 3 қымбат көлік тәркіленді. Бүгінгі таңда 80 жәбірленуші анықталды, олардың шығыны 100 млн теңгеден асады. Тәркіленген мобильді құрылғыларды талдау жалғасуда және жәбірленушілер саны мен келтірілген залал сомасы айтарлықтай өсуі мүмкін, – деп атап өтті ПД бастығының орынбасары Елдар Абдикенов.

Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тәркіленген мобильді құрылғыларда банктік қосымшалар бар, олардың көмегімен қаскөйлер интернет-алаяқтықтың құрбаны болған азаматтардың қаражатын жымқырған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр