Интернет-алаяқтардан өзіңізді және жақындарыңызды қалай қорғауға болады?
Шығыс Қазақстан облысының ПД қызметкерлері тұрғындарға, әсіресе аға буынға, телефон мен интернет арқылы жасалатын алаяқтықтан сақтану жолдарын еске салады.
Алматы, NEGE. Тәжірибе көрсеткендей, көбіне 40 жастан асқан азаматтар, әсіресе зейнеткерлер алаяқтардың айласына түседі. Бұл олардың сенгіштігі мен алаяқтардың эмоцияға әсер ететін психологиялық қысымымен байланысты.
Полиция кеңесі:
— Телефонға бейтаныс нөмірлерді анықтайтын қосымшаны жүктеп алыңыз;
— Ұялы байланыс операторынан қажетсіз қоңырауларды бұғаттайтын арнайы қызметін қосыңыз;
— Қоңырау шалушының сіздің атыңызды немесе мекенжайыңызды білуі толық сенуге болады дегенді білдірмейді;
— Телефон арқылы айтылған "шұғыл тексеру" немесе "емдеу" туралы ақпаратты міндетті түрде нақтылаңыз.
— Үйге бейтаныс адамдарды кіргізбеңіз.
— Зейнетақы қоры мен ресми ұйымдар ешқашан бөтен шоттарға ақша аударуды сұрамайды.
— Банк картасының деректерін, құпия кодтарын ешкімге, тіпті банк қызметкерлеріне де айтпаңыз.
Есте сақтаңыз! Алаяқтар әртүрлі айланы қолданады. Сондықтан әрқашан сақ болыңыз! Егер сіз немесе жақындарыңыз алаяқтың құрбаны болса, дереу полиция бөлімшесіне немесе "102" нөміріне хабарласыңыз.