Индонезияда есірткімен ұсталған 2 қазақстандық өлім жазасына кесілуі мүмкін

Екі Қазақстан азаматы 2025 жылдың сәуір айында Бали аралында тұтқындалған.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ұсталған кезде олардың жанынан шамамен 49 грамм кристалды метамфетамин табылған. Осылайша, қазақстандықтар есірткі заттарын таратты деген күдікке ілінген. Ал Индонезияда мұндай қылмыс үшін өлім жазасы қарастырылған.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Индонезияда екі қазақстандықтың ұсталуына қатысты пікір білдірді.

«Қазіргі уақытта аталған азаматтарға қатысты Индонезияның құзырлы органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, сондықтан өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Қазақстанның Джакартадағы Елшілігі тергеу органдарымен және күдіктілердің туыстарымен байланыста. Бұл мәселе қазақстандық дипломаттардың ерекше бақылауында», – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді