Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновқа қазақ тілінде үндеу жасады

Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Иэн Гэрри өзінің Instagram парақшасында Шавкат Рахмоновқа қазақ тілінде үндеу жасады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ирландиялыққа қарсы күресте Рахмонов алғаш рет қарсыласын мерзімінен бұрын жеңе алмады.

"Шавкат, сен титулдық жекпе-жекті қабылдамауға болатын кезде, тәуекелге бел буып қабылдадың. Мен саған және сенің талантыңа тәнтімін. Құттықтаймын, болашақта қайта кездесер сәтті асыға күтемін – екеуміз де кімнің мықты жауынгер екенін білеміз", - деп жазды ол.

Эдуард Базров – құрамында Шавкат Рахмонов өнер көрсететін Dar Team командасының бас жаттықтырушысы, Рахмоновтың Иэн Гэрриді неліктен бірден жеңе алмағандығының себебі түсіндірді.

"Бұл жекпе-жек алдында денсаулығыма байланысты мәселе болды. Тек біз ештеңе айтқан жоқпыз. Жекпе-жекке қалай бармыз, солай шықтық. Біздің орнымызда UFC-тің бірде-бір боксшысы мұндай күйде шаршы алаңға шықпас еді. Нақтырақ айтсақ, мәселе Шавкаттың денсаулығына қатысты болды", – деді ол.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты