Халықаралық іздеудегі ұры Өскеменде ұсталды

«Өскемен қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері Үлбі ауданында бірнеше мәрте ұрлық жасаған мемлекетаралық іздеудегі жүрген күдіктіні ұстады», – деп хабарлайды жергілікті полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта күдіктінің оншақты ұрлық дерегіне қатысы бар екендігі анықталды. Қаңтар айының бас кезінде Үлбі ауданының бірнеше тұрғыны гараждарының тоналғаны жайында тәртіп сақшылары шағым түсірген. Үйдің ауласындағы гаражда сақталған тұрмысқа қажетті заттардың ұрлану дерегі бір тектес, яғни ұры гараждың құлпын бұзып, тұрмыста қолданылатын электрлі ара, перфоратор, дрель сынды аспаптарды алып кетіп отырған.

Барлық деректер бойынша тұрғындарға 1 миллион 2 жүз мың теңгеден астам шығын келтірілген.

Күдікті Өскемен қаласы Полиция басқармасының уақытша тергеу изоляторына қамалып, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабы 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады