Хакерлер BilimClass платформасындағы пән атауларын өзгерткен

Қазақстандық BilimClass білім беру платформасына хакерлік шабуыл жасалды.

magnific.com

Астана, NEGE. Хакерлер мәтін аудару жүйесіне кіріп, кейбір оқу пәндерінің атауын өзгерткен. 29 қарашада таңертең платформаның жұмысы қалпына келтірілді.

Компанияның мәліметінше, пайдаланушылардың деректері қауіпсіз жерде сақтаулы.

«Кибершабуыл жасаушылардың платформаға уақытша және шектеулі қолжетімділігі пайдаланушылардың деректеріне әсер еткен жоқ. Біз тексеру жұмыстарын жалғастырып жатырмыз және оның нәтижелері туралы хабарлап отырамыз», – делінген компания хабарламасында.

BilimClass өкілдері пайдаланушылардан кешірім сұрап, платформаны қауіпсіз әрі ыңғайлы пайдалану үшін барлық қажетті шараны қолға алатынын жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық оқушылар мен олардың ата-аналары BilimClass электронды күнделігіне кіре алмай шағымданған.