USD
USD
USD

BilimClass платформасында ақау шығып, оқушылар электронды күнделікке кіре алмай қалды

Әлеуметтік желілерде ата-аналар мен оқушылар BilimClass электронды күнделігіне кіру кезінде қиындық туындағанын айтып, шағымдануда. Кейбір қолданушылар жүйеге кіре алғанымен, қосымшада сабақ кестесі мен бағалар көрінбей қалған.

Смартфон
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Платформа өкілдері жүйеде ақау болғанын растап, техникалық мамандар мәселені шешіп жатқанын хабарлады.

«Бүгін платформада техникалық ақау тіркелді. Соның салдарынан кейбір қолданушыларға қате хабарламалар немесе ескертулер жіберілуі мүмкін. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Қазіргі уақытта мамандарымыз ақауды жоюмен айналысып жатыр. Жағдай бақылауда», – делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, ақауға байланысты кейбір қолданушылар қосымшаға кіре алмауы мүмкін. Сондай-ақ бағалар, сабақ кестесі мен үй тапсырмалары уақытша көрсетілмеуі ықтимал.

BilimClass өкілдері платформаның толыққанды жұмысын қалпына келтіру үшін қажетті шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

200 мың доллар және милиондаған рубль: шекарадан қолма-қол ақшаны заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Шекара қызметкері мен күдікті

«Халықтық құрылысқа» бөлінетін 6,5 трлн теңге: Годунова қандай қауіп барын айтты

Құрылыс

Жетісу облысындағы Балқаш жағалауында алғашқы коммуналдық жағажайдың құрылысы аяқталды

Жағажай

Оралда 272 млн теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берген шенеунік қатаң сөгіс алды

Шенеунік