Грузияда ұсталған 18 жастағы қазақстандық өмір бойына сотталуы мүмкін
Грузия Ішкі істер министрлігі мәліметінше, Имеретия қаласында 18 жастағы қазақстандық есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталды.
Астана, NEGE. Ведомство дерегінше, күдіктімен бірге Украина азаматы да қолға түскен. Екеуі де 2008 жылы туған.
Тергеу нұсқасына сәйкес, олар есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау, ірі және аса ірі көлемде өткізуге қатысы бар деген күдікке ілінген.
Тінту барысында күдіктілерден ірі көлемде метадон табылып, сондай-ақ есірткіні бөлшектеп орауға арналған құралдар тәркіленген. Құқық қорғау органдары бұл деректі ауыр қылмыс санатына жатқызып отыр.
Аталған іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай айыптар дәлелденген жағдайда күдіктілерге 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына түрме жазасы берілуі мүмкін.