«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

«Ғаламат ғасыр» сериалында Шах-сұлтанның рөлін сомдаған Дениз Чакыр мен Түркия шоу-бизнесінің бірқатар өкілі есірткі және жезөкшелікке қатысты қылмыстық іс бойынша ұсталды.

"Ғаламат ғасыр" сериалынан алынған кадр

Астана, NEGE. Ыстамбұл прокуратурасы есірткі және жезөкшелікке қатысты бар деген 35 күдіктіні ұстады. 

Ұсталғандардың қатарында бірақатар шоу-бизнес өкілдері бар. Атап айтқанда, әнші Өзжан Дениз, актриса Дениз Чакыр, Эрдал Бозкуш және Джем Карджы бар. Сондай-ақ актриса Бурджу Өзберк пен Survivor жобасының жүргізушісі Мұрат Джейлан да күдіктілер тізіміне енген.

Күдіктелір есірткі заттарын сату, жеткізу, қолдану және сақтаумен қатар жезөкшелікке де қатысты бар деп айыпталып отыр.

Қазіргі мәлімет бойынша, 35 адамның 19-ы қолға түскен. Қалған күдіктілерге қатысты процессуалдық шаралар мен тергеу жалғасып жатыр.

Ал бұған дейін Ыстамбұлда есірткі мен жезөкшелікке қатысты қылмыстық іс аясында танымал актерлер мен музыканттарды қоса алғанда, 22 адам ұсталған болатын.

«Ғаламат ғасыр» сериалы арқылы танылған актер Арас Булут Ийнемли де есірткінің заңсыз айналымына қатысты істің фигуранты болғаны белгілі.