Футзалдан Чемпиондар лигасы финалындағы «Қайраттың» қарсыласы анықталды

Алматылық «Қайрат» командасының футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Төрттіктің финалы деп аталып кеткен жарыс сатысында ол жартылай финалда Испанияның «Картахена» командасымен шеберлік байқасады. Жеңген жағдайда «Пальма» (Испания) және «Спортинг» (Португалия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Жартылай финал ойындары 2-ші мамырда өтеді. Ал финал 4 мамырға белгіленген.

Алматылық команда бұған дейін 20 мәрте бақ сынап үлгерді. Бұл Еуропа құрлығындағы командалар арасында абсолютті рекордты тіркеді.

«Қайрат» 2012/13, 2014/15 жылғы маусымда Чемпиондар лигасында жеңіс тұғырына көтерілген.

Қазір оқып жатыр

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады