FlyArystan Дубайға ұшатын рейстерін 15 қыркүйекке дейін тоқтатты
FlyArystan әуе компаниясы Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтату мерзімін тағы ұзартты.
Астана, NEGE. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Дубайға рейстер 15 қыркүйекке (қоса алғанда) дейін орындалмайды.
«Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билеттердің құнын айыппұлсыз толық көлемде билетті сатып алған орны бойынша қайтару мүмкіндігі берілді», – делінген FlyArystan хабарламасында.
Бұған дейін компания бұл бағыт бойынша рейстер 29 тамызға дейін тоқтатылғанын хабарлаған еді.