FlyArystan әуе билеттерін 20% жеңілдікпен сатып алуға болады
Қазақстандық лоукостер FlyArystan құрылуына жеті жыл толуына байланысты мерекелік акция бастады. Компания 5 және 6 мамыр күндері әуе билеттерін 20% жеңілдікпен ұсынады.
Астана, NEGE. Жеңілдік барлық ішкі бағыттарға, сондай-ақ кейбір танымал халықаралық рейстерге қолданылады. Атап айтқанда:
- Астанадан – Газипашаға, Үрімші, Кутаиси және Ташкентке;
- Алматыдан – Газипашаға, Самарқанға және Кутаисиге;
- Ақтаудан – Кутаиси және Бакуге;
- Атыраудан – Кутаисиге.
Акциямен алынған билеттер бойынша ұшу уақыты 2026 жылғы 8 қыркүйек пен 21 қазан аралығын, яғни күзгі уақытты қамтиды. Жолаушылар сапарын алдын ала жоспарлап, билеттерді арзан бағамен ала алады.
Стандартты тарифке өлшемі 56×23×36 см-ден және салмағы 7 кг-нан аспайтын бір дана қолжүгі кіреді. Қосымша қызметтерді алдын ала онлайн рәсімдеу керек.
- Тақырыпқа орай: FlyArystan тегін қолжүк салмағын 7 келіге дейін арттырады