3 Ақпан 10:08
...

FlyArystan тегін қолжүк салмағын 7 келіге дейін арттырады

FlyArystan
Фото: FlyArystan info/Telegram

Қазақстандық лоукостер FlyArystan тегін қолжүк нормасына өзгеріс енгізілгенін хабарлайды.

Астана, NEGE. 1 наурыздан бастап әуекомпания жолаушылары осыған дейінгі 5 кг орнына салмағы 7 кг-ға дейінгі қолжүкті өзімен бірге ала алады. Қолжүктің өлшемі өзгермейді: 56×23×36 см күйінде қалады. 

Жаңа ережелер 2026 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енеді және осы күннен кейін орындалатын барлық рейстерге қолданылады. Билеттің қашан сатып алынғанына қарамастан, осы күннен кейінгі рейстерге жаңа талаптар жүреді. Ал 2026 жылғы 28 ақпанға дейін орындалатын рейстерде бұрынғы норма сақталады, яғни әр жолаушыға 5 кг-ға дейінгі қолжүк алуға рұқсат етіледі.

Сонымен қатар әуекомпания бір жолаушыға бір ғана қолжүк алуға мүмкіндік беретін талапты сақтайды. Яғни жолаушы белгіленген салмақ пен өлшемге сай келетін бір ғана қолжүк алып жүре алады.

Әуекомпанияның 2024–2025 жылдардағы дерегіне сәйкес, FlyArystan жолаушыларының шамамен төрттен үші сапарға тек шағын қолжүкпен шыққан.

Тегтер: