Финляндияда Қорғаныс министрлігінің ғимаратына бояу шашылды

Белгісіз біреулер Финляндия Қорғаныс министрлігінің Хельсинкидегі ғимаратына бояу шашқан. Оқиға жұмаға қараған түні болған, деп хабарлады Yle порталы.

Yle

Алматы, NEGE. Ақпарат көзінің мәліметінше, ғимараттың қасбеті жергілікті уақыт бойынша шамамен 01:42-де қызғылт түсті бояумен боялған. Болжам бойынша бұл іске бір ер адам мен бір әйел адамның қатысы болуы мүмкін. Олар оқиға орнынан бой тасалап үлгерген.

Бұл әрекет үшін жауапкершілікті Palestine Action атты белсенділер тобы өз мойнына алды. Олар Газадағы әскери қақтығыстар мен Финляндия Қорғаныс министрлігінің Израильдің қорғаныс компанияларымен әріптестігіне қарсы екендерін мәлімдеген. Топтың айтуынша, акция барысында суға еритін бояу қолданылған.

Хельсинки полициясы бұл оқиға бойынша тергеудің бастапқы кезеңде екенін және күдіктілердің жеке басы анықталып жатқанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр