Еуроодақ виза тәртібін өзгертті

Ақпанның 2-нен бастап Еуроодақ елдеріне қысқамерзімді сапарға арналған Шенген визасына енгізілген жаңа ережелер күшіне енді. Бұл туралы Еуропалық комиссияның ресми сайтында жария болды.

Алматы, NEGE. Еуроодақ виза алудың жаңа тәртібі бірінші кезекте заңсыз көші-қонға тосқауыл қою және халықаралық қауіпсіздікті күшейту үшін қажет делінген хабарламада. Виза ережесі ЕО аймағына кіру үшін арнайы рұқсат талап етілетін барлық 105 елге бірдей жүреді. Еуроодақпен визасыз тәртіп туралы келіскен елдер үшін ереже еш өзгеріссіз қалады.

Енді бұдан былай Еуроодақ пен онымен қауымдас Исландия, Лихтенштейн, Норвегия және Швейцарияға бару үшін бұрынғыдай үш айдың орнына алты ай бұрын өтініш жазуға болады.

Көп жағдайда визаны тұрғылықты елінде толтырып, оны электронды үлгіде және электронды қолмен жолдау мүмкіндігі қарастырылған. 

Сонымен бірге виза тәртібін бұзбаған, Еуроодақ аумағына жиі келіп-кетіп жүрген азаматтар көпреттік визаға ие бола алады. Оның жарамдылық мерзімі біртіндеп бір жылдан 5 жылға дейін ұзартылады.

Шекнген визасының бағасы 2006 жылдан бері тұңкғыш рет 60 еуродан 80 еуроға қымбаттады. Дегенмен бұл өзгеріс ЕО-мен жеңілдетілген виза тәртібі туралы келіскен елдерге әсер етпейді. Олар үшін визалық алым 35 еуро күйінде қалады.

Стандартты қысқамерзімді шенген визасымен ЕО-ның 26 елінің аумағында 90 күнге дейін жүріп-тұруға болады.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті