4 мая 2020 г. 9:16

Еуроодақ басшылары журналистер қауымын құттықтады

Фото:

 Еуроодақ басшылары журналистер қауымын Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күнімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Алматы, NEGE. Бұл туралы Еурокеңес басшысы Шарль Мишель мен Еуроодақтың дипломатия жетекшісі Жозеп Боррельдің мәлімдемесінде хабарланды. «Коронавирус дағдарысы кезінде нақты дерекке негізделген ақпарат адам өмірін аман алып қалуы мүмкін. Осы ретте күн сайын қауіптің ортасында жүріп, біздің шынайы ақпарат алуымызға үлес қосып жүрген барша журналистер қауымына алғыс білдіргім келеді»,  – делінген Шарль Мишельдің құттықтауында. Өз кезегінде Жозеп Боррель демократиялық қоғам құруда баспасөз бостандығының рөлі орасан екенін атап өтті.

Тегтер: