Есірткіге мас күйде автобус тізгіндеген жүргізуші анықталды

Ақтөбе облысында есірткіге мас күйдегі көлік тізгіндеген автобус жүргізушісі анықталды , деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. 23 шілдеде басталған «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қарғалы ауданында полиция қызметкерлері есірткіге масаң күйде көлік құралын басқарған ПАЗ автобус жүргізушісін анықтады. Жүргізуші ЖШС жұмысшыларын тасымалдауды жүзеге асырған.

Сот жүргізушіні 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырды.

Сонымен қатар «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан 70 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды