Есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Полиция қызметкерлері кешенді жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде Жамбыл облысы Шу ауданынан Алматыға есірткі жеткізу арнасын жолға қойған тұрақты қылмыстық топқа тосқауыл қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Жедел-тергеу топтары арнайы мақсаттағы бөлініс жауынгерлерімен бірлесіп, құрықтау операциясын бір уақытта Алматы қаласы мен Алматы облысында жүргізді. Ұйымдастырушы және марихуана мен гашишті заңсыз өткізуге қатысы бар 11 адам анықталды.

Олардың қатарында сатушы мен сатып алушылар, тасымалдаушылар, үй-жайларды жалға алушылар мен өлшеп ораушылар бар.

 – Тінту барысында целлофан пакеттерге салынған 40 кг марихуана мен 15 кг гашиш және күдіктілердің қылмыстық бизнеске қатысы бар екенін растайтын ұялы телефондар табылып, тәркіленді. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Қазір оқып жатыр

Бишімбаев пен Мәсімов жаңа рақымшылыққа іліге ме?

Қазақстандағы ең кедей өңір белгілі болды: жағдай нашарлай түскен

Ұлттық қауіпсіздік қызметі «мұнай магнаты» Фрэнк Монстрейге іздеу жариялады

Енді «автодозвонның» орнына SMS-хабарлама жіберіледі: ережеге өзгеріс енгізілмек