Есірткі дүкенін құрды деп күдікке ілінген қазақстандықтар Черногорияда ұсталды

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Черногорияның Бар қаласында халықаралық іздеуде жүрген екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Олар есірткі және психотроптық заттарды сату, оларды тұтынуға итермелеу, ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болу, лауазымды тұлғаға пара беру сынды әрекеттерге барды деп күдікке ілінген.

2024 жылдың басында күдіктілер Telegram мессенджері арқылы интернет-дүкен ашып, есірткі және психотроптық заттарды сатқаны анықталды. Қылмыстық схема бойынша олар курьерлік жұмысқа қабылдау туралы хабарландырулар арқылы басқаларды тартумен, сондай-ақ барлық заңсыз әрекеттерді үйлестірумен және қаржыландырумен айналысқан.

Қазіргі уақытта күдіктілер Черногория аумағында қамауда.

Қазір оқып жатыр

6 өңірден салымшы тартқан: Таразда Еnvida ai қаржы пирамидасын құрушылар тексеріліп жатыр

«Бетінің сау тамтығы қалмаған»: Түркістан облысында бес жасар қызды ит талады

Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апаты: іс сотқа жолданды

Мектептердегі қорытынды емтихандар қай күндері өтеді?