«Ертіс» футбол клубының ойыншылары референдумда дауыс берді

Қазақстан футболының Бірінші лигасына өткен павлодарлық "Ертістің" спортшылары сайлау учаскесіне ойын формасын киіп келді.

"Ертіс" футбол клубы

Алматы, NEGE. Төрт футболшы Естай атындағы мәдениет сарайында орналасқан №11 сайлау учаскесіне келді. Владимир Воменко тіркеу орны бойынша дауыс берді, ал Павлодар облысының өзге елді мекендерінде тұратын Мейрамбек Еренғайып, Изат Құлжанов және Қанат Баязит есептен шығару куәліктері бойынша таңдауларын жасады.

Футбол клубы мүшелері АЭС құрылысы бойынша референдумнан тыс қалмайтынын жеткізді. 

"Ертіс" футбол клубы

"Біздің жігіттердің біразы Павлодарда дауыс беру үшін әрі жаттығудан қалып қоймау мақсатында тұрақты тіркеу орындарынан есептен шығару куәліктерін алды. Еліміздің әр азаматы дауыс беріп, өз таңдауын жасауы тиіс деп есептеймін. Бұл – әр қазақстандықтың борышы", – деп атап өтті футбол клубының жаттықтырушысы Григорий Сартаков. 

«Ертіс» футболшылары ойын формасымен келіп, дауыс берушілердің алдында доп ойнап, сайлауға келгендердің көңілін көтерді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда Екінші лигада ойын ойнаған «Ертіс» футбол клубы осы аптада дивизион чемпионы атанып, еліміздің Бірінші лигасында ойнау құқығына ие болды.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында бір стоматолог бір мезгілде ондаған пациенттің «тісін емдеген»

Оқушы қыздар халықаралық математика олимпиадасында үш медаль жеңіп алды

Ақмола облысында ерлі-зайыпты суррогат анамен соттасып, ақшасын қайтарып алды

Концерттерге жалған билеттер сатылуда – ІІМ