Еркін күрестен Азамат Дәулетбеков пен Асылжан Есенгелді әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алу үшін белдеседі

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының тағы екі өкілі Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шықты.

ҰОК

Алматы, NEGE. 86 келіге дейінгі салмақта Азамат Дәулетбеков 1/8 финалда Беларусь балуаны Магамедхабиб Кажымагомедовты жеңді. Жартылай финалға шығу үшін Франция өкілі Рахим Магамадовпен өзара мықтыны анықтайды.

61 келіге дейінгі салмақта Асылжан Есенгелді аустралиялық Георгий Окороковты қапы қалдырды. Енді ол ширек финалда ресейлік Завур Угуевпен кездеседі.

Айта кетейік, 70 келіге дейінгі салмақта Нұрқожа Қайпанов та 1/4 финалға шыққан. Оның қарсыласы - Мексика балуаны Остин Гомес.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады