Еркін күрес шеберлері әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігі шарықтау шегіне жақын. Бүгін еркін күрес шеберлері жарысты бастады, деп жазады Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. 65 келі салмақта Бақдәулет Әкімжан жартылай финалға өтті. Ол финал жолдамасы үшін таласта қырғызстандық Рустамжан Қахаровпен кездеседі.

110 келі салмақта Едіге Қасымбек те жартылай финалға жолдама алды. Оның қарсыласы - ирандық Аболфазл Мохаммад Нежат.

Айта кетелік, әзірге Қазақстан қоржынында 4 жүлде бар.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды