Енді пара беруге уәде еткен адам да қылмыстық жауапқа тартылады

Сенатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы және оған ілеспе бірқатар заңдар қабылданды.

magnific.com

Астана, NEGE. Сенат аппараты басшысы Максим Споткайдың нақтылауынша, жаңа нормалар жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға, жауапкершілікті күшейтуге және мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордағы мүдделер қақтығысын жоюға бағытталған.

Заңнамаға енгізілген негізгі өзгерістер:

  • Пара алғаны және бергені үшін ғана емес, пара беруге уәде еткені, ұсынғаны немесе талап еткені үшін де қылмыстық жауапкершілік енгізіледі.
  • Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғаларға қызметтік өкілеттіктерін жеке басының мүддесі үшін пайдалануға тыйым салынады.
  • Жеке мүдделерді декларациялау міндеті белгіленеді және мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда әрекет етудің нақты тәртібі айқындалады.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қолданылатын тұлғалар аясы кеңейтіледі. Оның ішінде квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен бюджет пен Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобаларға қатысушылар да қамтылады.
  • Мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік секторда заңсыз сыйақы алғаны үшін жауапкершілік күшейтіледі.
  • Заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілігі артады.
  • Жеке тұлғалар үшін әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары бойынша талап қою мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейін ұзартылады.
  • Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдарға қатысты шектеулер нақтыланады:
    өмір бойы жұмысқа орналасуға тыйым салу мемлекеттік функцияларды орындауға байланысты лауазымдарға қатысты қолданылады.

Сондай-ақ Сенат өкілінің мәлімдеуінше, туыстар мен өзара байланысты тұлғалардың бірге қызмет атқаруына қойылатын шектеулер күшейтіледі. Мысалы, бір ведомствода басшының жиендері, балдыздары, құдалары, қайын ағалары және күйеу балаларының жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Бұған қоса «Е-қызмет» цифрлық кадрлық жүйесінің жұмысы заң жүзінде бекітілмек.
Нақтырақ айтқанда, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордағы кадрлық үдерістер бірыңғай цифрлық форматқа көшіріледі.

Қазір оқып жатыр

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс себебін анықтауға ЖОО ғалымдары тартылған

Тоқаев: «Қазақстан мен Ресей арасында ешқандай шешілмеген мәселе жоқ»

Сұлтан Сәрсемәлиев балдызын «қасақана өлтірді» деген айыппен келіспеді

Мобильді аударымдарды тексеру: айыппұл салына бастады ма?