Енді қазақстандықтар мопедтерін тіркеуге міндетті

 Тиісті заң сенатта бірінші оқылымда қаралып жатыр. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Құжатқа сәйкес, қозғалтқыш көлемі 50 текше сантиметрден аспайтын не электр қозғалтқышы бар және максималды жобалық жылдамдығы сағатына 50 километрден аспайтын мопедтер енді тіркелетін болады. 

Қолданыстағы норма бойынша ең жоғары конструктивті жылдамдығы сағатына 50 километрден асатын мопедтер тіркеуге жатады. Ал қаралып отырған заңға сәйкес барлық мопедтер тіркеуге жатады.

Мопедті басқару құқығы «А1» кіші санатындағы жүргізуші куәлігімен расталады, ал «А» және «В» санаттары бар азаматтар да мопед басқаруға құқылы. Сондай-ақ көлік құралдарына техникалық байқауды жүргізетін ұйымдарға қойылатын талаптар да қайта қаралды. 

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан