Елянұр Тұрғанова бокстан жастар арасында Әлем чемпионы атанды

Бокстан Будва (Черногория) қаласында жастар арасында Әлем чемпионаты өтіп жатыр.

gov.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық боксшы Елянұр Тұрғанова жастар арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионы атанды.

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан дүбірлі додада 50 келіде сынға түскен Елянұр бейтарап спортшы ретінде қатысқан Карла Пикті қапы қалдырды. Ол жекпе-жек барысында жинақы қимыл көрсетті. Қарсыласына көбірек соққы жасады. Екінші раундта қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберді. Жекпе-жек қорытындысында төрешілер бірауыздан Елянурдің жеңісіне қолдау білдірді.

Е. Тұрғанова әлем чемпионатында алдымен түркиялық қарсыласын бірінші раундта сан соқтырса, одан кейін Өзбекстан (5:0), Грекия (5:0) боксшыларын жеңді.



Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?