Елшілік қызметкері неден қаза болды?

Желтоқсанның 13-і күні Қазақстанның Египеттегі елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасов Каирде жұмбақ жағдайда қаза болды. Жолдасовтың туысы Гүлнара Пернебекованың айтуынша, Еламанның өлі денесі өзі тұратын үйдің ауласынан табылған. Бұл туралы

Tengrinews.kz жазды.

Елшілік қызметкерінің ажалы кісі қолынан болуы мүмкін. Осылай деп болжам жасауға Гүлнара Пернебекованың сөзі түрткі болып отыр. Ол былай деді: «Оның денесі өзі тұратын үйдің ауласынан табылды. Естуімізше, қолы артқа қайырылып байланған. Арқасынан сау тамтық жоқ, денесі қан. Яғни оны сүйреген болуы мүмкін. Мойнында жіп болған».

Пернебекованың айтуынша, «Жолдасов өзіне-өзі қол салған» деген болжамға басымдық беріліп жатқан көрінеді. Жолдасовтың туыстары мұнымен келіспейді.

Еламан Жолдасов студент кезінен бері Египетте тұрады екен. Елшілікте мәдени мәселелермен айналысқан. Артында екі баласы мен аяғы ауыр келіншегі қалыпты...

Сыртқы істер министрлігі кеше осы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады. «СІМ Қазақстанның Египеттегі елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасовтың қаза болғанын растайды. Қазір осы елдің прокуратурасы әсті тексеріп жатыр. Сондықтан, ресми ақпарат жария болғанша қайғылы оқиғаға байланысты түрлі негізсіз болжамдар жасамауды сұраймыз. СІМ өкілдері іске қатысу үшін Египетке жіберілді. Толық ақпаратты 18 желтоқсан күні СІМ ресми өкілі брифингте таратады».

Nege.kz порталы елшілік қызметкерінің қазасына байланысты істі назарда ұстайды.

Қазір оқып жатыр

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысы аяқталды

Қазақстандық футбол ардагерлері Давид Лорияны қолдап, федерацияға хат жазды

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды