Елордадағы түнгі клубта есірткі сатушы ұсталды

Елордадағы түнгі клубта есірткі сатушы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Елордалық полицейлер түнгі клубта есірткі саудалайтын ер адамды ұстады, оның қалтасынан 4 полиэтилен түйіншегі табылып, тәркіленді.

31 жастағы ер адамның синтетикалық есірткіні сатумен айналысқаны анықталды. Әріқарай есірткі сатушының тұрғылықты жерін тінту барысында есірткіні буып-түю және орау үшін қажетті материалдар, сондай-ақ салмағы 3,7 грамм болатын мефедрон табылды.

Есірткі заттарын өткізгені үшін қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыс мүлкі тәркіленіп, 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жазаланады.

Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Бишімбаев пен Мәсімов жаңа рақымшылыққа іліге ме?

Ұлттық қауіпсіздік қызметі «мұнай магнаты» Фрэнк Монстрейге іздеу жариялады

Енді «автодозвонның» орнына SMS-хабарлама жіберіледі: ережеге өзгеріс енгізілмек

Демалыс күндері ел аумағында қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді, үсік жүреді