«Елорда кубогі»: Махмұд Сабырхан турнирдің жартылай финалына жолдама алды

Бокстан Қазақстан командасы көшбасшыларының бірі Махмұд Сабырхан Астанадағы "Елорда кубогында" жеңіліссіз келеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. 57 келіде сынға түскен Махмұд жарыстың ширек финалында өзбек боксшысынан басым түсті.

Бұған дейін Сәкен Бибосынов, Тимур Қабдеш, Кәрім Серкебаевтар бүгінгі жекпе-жектерін жеңіспен аяқтаған болатын.

Айта кетелік, Астанадағы халықаралық турнирге 8 мемлекеттен келген спортшылар қатысып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?