Елдана Тәліпова бокстан Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Елдана Тәліпова бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Бұрымды боксшымыз 80 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады.

Елдана Тәліпова жартылай финалда Польша елінің өкілі Агата Качмарскамен жұдырықтасты.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша польшалық боксшы финалға өтті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі қола жүлде бар. Бұған дейін Виктория Графеева (60 келіге дейін) үшінші орын алған еді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?