Елдана Тәліпова Азия чемпионатында алтын медаль иеленді

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының спортшылары Таиландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында бес алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. Соңғы болып шаршы алаңға 81 келіден жоғары салмақта Елдана Тәліпова шықты.

Ақтық сында Елдана Өзбекстаннан барған Олтиной Сотимбоеваға қарсы қолғап түйістірді. Нәтижесінде отандасымыз үш раундтың бәрінде жеңіске жетті.

Біздің спортшылар финалға шыққан барлық бес кездесуді жеңіспен аяқтады.

Азия чемпионатын алтын медальмен аяқтағандар: Виктория Графеева (60 келіге дейін), Аида Әбікеева (63 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Гүлсая Ержан (81 келіге дейін).

Сонымен қатар құрлық біріншілігінде Әйгерім Сәттібаева (48 келіге дейін), Жазира Орақбаева (52 келіге дейін), Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін), Милана Сафронова (66 келіге дейін) және Диана Мағауияева (75 келіге дейін) қола медаль иеленді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?