Ертаев қылмысын толық мойындады

Bank RBK-нің бұрынғы басшысы, 144 млрд теңге ұрлады деп айыпталып отырған күдікті Жомарт Ертаев өз кінәсін толықтай мойындады.

Алматы, NEGE. Аталмыш қылмыстық іске Ертаевтан басқа 36 адам тартылып отыр. Олардың қатарында Bank RBK бұрынғы басқарма төрағалары Игорь Мажинов пен Марпу Жәкібаева және Qazaq banki-нің бұрынғы акционері Бахыт Ибрагим. Үш адам – жәбірленуші. Ірі көлемде қаржы қымқыру ісі 700 том, 46 эпизодты құраған. Алмалы аудандық соты 280 беттен тұратын бір ғана айыптау актісін бірнеше күн оқып, 6 қаңтар күні үкім шығарды.

Күдіктілер ҚР ҚК 189 бабының 4 тармағы 2 пункті бойынша және бұдан өзге, Ертаевқа ҚР ҚК 28 бабы 3 тармағы бойынша "қылмыстық топты ұйымдастырушы" ретінде айып тағылып, үкім шығарылды. Сот барысында айыпталушы Жомарт Ертаев өз кінәсін толық мойындады.

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен