Экс-банкир Жомарт Ертаев амнистиямен бостандыққа шықты

2020 жылы RBK Bank-тен 144 млрд теңге жымқырды деген айыппен сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаев түрмеден босатылды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің хабарлауынша, Ертаев соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан, алайда амнистия туралы заң аясында бостандыққа шыққан.

Бостандыққа шыққаннан кейін ол пробация қызметінің есебіне алынып, ары қарай бақылауда болады.

2020 жылдың қараша айында ол RBK Bank-тен 144 млрд теңге жымқырды деген айыппен  орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Онымен бірге тағы 35 адам сотталды.

2021 жылғы наурызда Ертаевқа қатысты екінші қылмыстық іс қозғалып, ол 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімдер жиынтығы бойынша жалпы жаза мерзімі 11 жыл болды. Ал мамыр айында экс-банкирдің жаза мерзімі 9 жылға дейін қысқартылды.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді