Екі жылға сотталған Жанабыловтар әлеуметтік желіге қайта оралды

Автомобиль ойнатқаны үшін екі жылға сотталған ерлі-зайыпты блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова әлеуметтік желіге қайта оралды.

видеодан үзінді

Астана, NEGE. Үкім шыққаннан кейін бір ай өткен соң олар Instagram парақшасында алғашқы жазбасын жариялады.

«9 ай үнсіз болдық. 4 ай әлеуметтік желіде болмадық. Осы уақыт ішінде отбасымызбен бірге қиын кезеңнен өттік. Бірақ бүгін қайта оралып отырмыз. Жаңа күшпен, жаңа оймен. Осы уақыт бойы бізге жазған, күткен, қолдау көрсеткен жандардың бәріне үлкен рақмет», – делінген жазбада.

Еске салсақ, блогерлер онлайн-курстар сатумен қатар, заңсыз лотерея ұйымдастырғаны үшін сотталған. Тергеу мәліметінше, олар жүлделерді өз қаражатына сатып алғандай көрсеткен. Алайда іс жүзінде сыйлықтар қатысушылардан жиналған ақшаға алынған.

Сот блогерлерді заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, аса ірі көлемде – 247 млн теңге табыс тапты және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырды деп таныды.

Үкім бойынша Ерболат Жанабыловқа мүлкін тәркілей отырып, 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Эльмира Төлегенова да 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда кәмелетке толмаған балалары болуы ескеріліп, оның жазаны өтеу мерзімі 2 жылға кейінге қалдырылды.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: полиция қызметкеріне қатысты тергеу аяқталды

Отбасы банк «Бәйтерекке» 100 млрд теңге дивиденд төлейді

56 құрылыс компаниясы жалған жұмыс тәжірибесімен мемлекеттік сатып алуларға қатысқан

Almaty Superski таңдаулы топқа арналған курорт ретінде қабылданбауы керек – Аида Балаева