Эбола вирусы өршіді: Денсаулық сақтау министрлігі нені ескертеді?

Конго Демократиялық Республикасында және Угандада Эбола қызбасының өршуі тіркелді. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай жариялады.

magnific.com

Астана, NEGE. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, аурудың таралуына Эбола вирусының сирек түрі – Bundibugyo штаммы себеп болып отыр. 

«Қазіргі таңда бұл штаммға қарсы арнайы вакцина да, нақты ем де жоқ», – делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство дерегі бойынша, Эбола вирусты жұқтырған адаммен немесе жануарлармен тығыз байланыс кезінде олардың биологиялық сұйықтықтары арқылы беріледі.

«Жеке бас гигиенасын сақтау, сапар кезінде сақтық шараларын ұстану және дер кезінде медициналық көмекке жүгіну аса маңызды», – деп ескертеді дәрігерлер.

Денсаулық сақтау министрлігіндегілер сапарға шығар алдында баратын елдегі эпидемиологиялық жағдаймен алдын ала танысып алуға кеңес береді.

«Шетелден оралғаннан кейін денсаулық жағдайын бақылауда ұстау қажет. Егер қандай да бір белгілер пайда болса, дереу дәрігерге қаралып, сапар фактісін міндетті түрде хабарлау керек. Өз бетінше емделуге болмайды», – делінген ведомство хабарламасында.

Эбола Бундибуджио вирусынан туындайтын аурудың негізгі белгілері:

  • дене қызуының көтерілуі;
  • қатты әлсіздік және тез шаршау;
  • қатты бас және бұлшықеттің ауруы;
  • тамақтың ауыруы;
  • жүрек айну және құсу;
  • асқазан-ішек жолдарының бұзылуы (диарея және т.б.);
  • ауыр жағдайда ішкі ағзалар қызметінің бұзылуы;
  • кейбір жағдайларда қан кету белгілері

Денсаулық сақтау министрлігі мынадай сақтық шараларын ұсынады:

  • Эбола Бундибуджио жағдайлары тіркелген елдерге барудан уақытша бас тартқан жөн;
  • Қолды жиі жуып, антисептик қолдану қажет;
  • қанмен және басқа да биологиялық сұйықтықтармен байланыстан аулақ болу керек.

Сондай-ақ дәрігерлер таза су ішуге және шикі немесе шала піскен етті жемеуге кеңес береді.

Еске салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға хантавирусқа байланысты ескерту жасаған еді.

Қазір оқып жатыр

Парламент Президент және Құрылтай туралы конституциялық заңдарды қабылдады

«Алматы әкімдерімен тілдеспек болған сайын бір қызық басталады»: журналист Асхат Ниязовты полиция тоқтатты

Қазақ қызы АҚШ-тың Словениядағы елшісі болып тағайындалды

Назарбаевтың екінші жұбайы жұмыс істейтін «Астана Балет» театры шығынға батқан