Денсаулық министрлігі хантавирусқа байланысты үндеу жасады
Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті шет елге шығуды жоспарлаған қазақстандықтарға хантавирусқа байланысты ескерту жасады.
Астана, NEGE. Дәрігерлер хантавирустық инфекция кеміргіштерден немесе олардың бөлінділері арқылы адамға жұғатын қауіпті вирустық ауру екенін еске салып өтті. Вирус адам ағзасына шаң, тамақ, су немесе тістеу арқылы түсуі мүмкін.
Осыған байланысты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті шет елге баруды жоспарлаған қазақстандықтарға мынандай сақтық шараларын сақтауға кеңес береді:
- кеміргіштермен және олардың бөлінділерімен байланыстан аулақ болу, олардың мекен етуі мүмкін орындарға бармау;
- кеміргіштермен ластануы мүмкін азық-түлік пен суды пайдаланбау;
- стихиялық және көшедегі сауда орындарында тамақтанудан бас тарту;
- азық-түлікті тығыз жабылатын ыдыстарда сақтау;
- жабық үй-жайларда болған кезде алдын ала желдету және дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып ылғалды тазалау жүргізу: үй-жайларды тазалау кезінде жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, маска) пайдалану;
- адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде арақашықтық сақтау, маска, дезинфекциялық құралдарын қолдану, қол және тыныс алу мүшелерінің гигиенасын сақтау.
Сондай-ақ сапардан оралғаннан кейін 1-8 апта ішінде әлсіздік, жоғары температура, бұлшықет ауруы, жөтел немесе ентігу белгілері пайда болса, шұғыл түрде жақын маңдағы медициналық ұйымға жүгініп, дәрігерлерге міндетті түрде шет елге барып келгеніңізді хабарлау.
Еске салсақ, мамырдың басында Аргентинадан Кабо-Вердеге бағыт алған голландиялық MV Hondius круиз лайнерінде хантавирус індеті тарап, үш адам қайтыс болған еді.
Қазір оқып жатыр
Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі 79%-ға дейін өсуі мүмкін
Тоқаев: «Орталық Азия – Қытай» форматы ортақ қауіпсіздіктің үйлесімді үлгісі болуы қажет
Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен
Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Сүлейменовті 90 жас мерейтойымен құттықтады