Дулат Бекбауов Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті

Қазақстан құрамасының боксшысы Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. 1/4 финалда қазақстандық боксшы малайзиялық Ариф Мұхаммадқа қарсы жекпе-жек өткізіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Бекбауов жекпе-жек барысында толық үстемдік танытып, қарсыласын бірнеше рет нокдаунға жіберді. Үшінші раундта кездесу тоқтатылып, Дулат жартылай финалға өтті.

Осылайша, ол Азия чемпионатының медалін иеленді.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты