WBO допинг дауына іліккен Жәнібек Әлімханұлына қатысты шешім қабылдады

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) боксшылар рейтингін жариялады. Допинг дауына іліккен Жәнібек Әлімханұлы тізімде қалды.

instagram/janibek_alimkhanuly

Астана, NEGE. Орта салмақта WBO және IBF титулдарының иегері WBO рейтингінде дивизион чемпионы мәртебесін сақтап қалды.

Рейтингте британиялық Дензел Бентли, венесуэлалық Эндри Сааведра және кубалық Йоенлис Эрнандес алғашқы үштікте тұр.

Еске салсақ, Жәнібек Әлімханұлы WBA титулының иегері кубалық Эрисланди Лараға қарсы жекпе-жек алдында тапсырған допинг тестінен өте алмады. VADA боксшының сынамасынан тыйым салынған мельдоний препаратын анықтады.

Боксшы өз кезегінде әрқашан таза спортты қолдайтынын және қайта сынама тапсыратынын мәлімдеді.

Жәнібек Әлімханұлының командасы, сондай-ақ Қазақстанның кәсіби бокс федерациясы VADA ұйымынан қазақстандық спортшы анализдерінің екінші сынамасын ашуды сұраған. Талдау нәтижесі Әлімханұлының қанынан тыйым салынған заттың бар екенін растады. 

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр