Дональд Трамп Асу Алмабаев қатысқан UFC турнирін тамашалады

Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті Дональд Трамп қазақстандық Асу Алмабаев өнер көрсеткен UFC 299 турнирінің құрметті қонағы болды.

©REUTERS

Алматы, NEGE. Саясаткер ресми трансляция кезінде бірнеше рет көзге түсті. Ол жекпе-жекті UFC басшысы Дана Уайтпен бірге октагонға жақын жерден тамашалады. Трамп жекпе-жек өнерін жақсы көреді, промоушен турнирлеріне үнемі барып тұрады әрі бірнеше жекпе-жек шеберіне қолдау көрсетеді.

UFC 299 қатысушыларының арасында қазақстандық Алмабаев болды. Жеңіл салмақта өнер көрсеткен қазақстандық спортшы америкалық Си Джей Вергараны жеңіп, ұйымдағы екінші жеңісіне қол жеткізді.

Турнирдің басты жекпе-жегінде АҚШ өкілі Шон О'Мэлли эквадорлық Марлон Вераны жеңіп, жеңіл салмақ дәрежесінде алғаш рет UFC чемпиондық белбеуін қорғады.