28 февраля 2026 г. 22:36

Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа уәде еткен көлігін табыстады

Фото: @kudaibergenov.dimash/Instagram

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровқа алдын ала уәде еткен сыйлығын – Hyundai Palisade жол талғамайтын көлігін тарту етті.

Астана, NEGE. Көліктің капотында «Мишабай, жеңісің құтты болсын!» деген жазу және әншінің қолтаңбасы бар.

«Осындай сыйлық үшін Димашқа көп рахмет. Енді оның қолтаңбасы бар көлікпен жүретін болдым», – деді Михаил.

«Қаласаң, жазуды алып тастауға болады», – деп әзілдеді Димаш.

«Жоқ-жоқ, өшірмеймін», – деп жауап берді спортшы.

Айта кетейік, Италияда өткен XXV қысқы Олимпиада ойындарында Михаил өзінің еркін бағдарламасында Димаш Құдайберген орындайтын «Confessa, the Diva Dance» әуенімен өнер көрсеткен. 

Михаил Шайдоров жеңіп алған алтын медальдің арқасында Қазақстан құрамасы жалпы есепте 19-орынға тұрақтады